Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Әкелер күніне орай «Әке – менің қаһарманым» атты отбасылық іс-шара өтті. — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Әкелер күніне орай «Әке – менің қаһарманым» атты отбасылық іс-шара өтті.

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Әкелер күніне орай «Әке – менің қаһарманым» атты отбасылық іс-шара өтті.

📌 Іс-шараның мақсаты — отбасы институтының негізі саналатын әкенің рөлін айқындау, ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, сондай-ақ әкенің тәрбиедегі орнын дәріптеу.

👨‍👧 Шара барысында:
▪ қатысушылар алдын ала дайындаған «Менің әкем» атты әсерлі видеотаныстырылым ұсынылды,
▪ көңілді сайыстар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды (көзді жұмып сурет салу, сөз құрау),
▪ «Адалдық» кезеңінде әкелер мен балалар бір-бірімен шынайы естеліктерімен бөлісті,
▪ балалар ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

🏅 Іс-шара соңында қатысушы әкелерге түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар табысталды. Бұл — олардың отбасындағы елеулі рөлін бағалау мен алғыс білдірудің көрінісі.

🌿 Шара достық пен жылулыққа толы атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер мен естен кетпес сәттер сыйлады.

📸 Қатысушылар есте қаларлық сәттерді фотоға түсіріп, отбасылық қуанышты бөлісті.

❤️ Әке – тірек, қамқоршы, тәрбиеші. Отбасылық құндылықтар — басты назарда.