echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Арт-терапия: ішкі үйлесімге жол
Арт-терапия: ішкі үйлесімге жол
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында әйелдерге арналған арт-терапия тренингі өтті. 🌿
Қатысушылар шығармашылық арқылы өз сезімдерін түсінуді, ішкі ресурстарын ашуды және тепе-теңдікті табуды үйренді.
🖌️ Спикер — Айгүл Балхан, арт-терапия және психологиялық сүйемелдеу саласының тәжірибелі маманы.
Айгүл полимодальды арт-терапияны қолданады — ол бейнелеу өнерін, музыканы, қозғалысты және драманы біріктіре отырып, әр қатысушының өзін тереңірек тануына және ішкі тыныштыққа қол жеткізуіне көмектеседі.
💬 Бұрын ЕҰУ заң факультетінің оқытушысы болған, арт-терапия саласында 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Қайырымдылық жобаларына тұрақты түрде қатысады және өз бастамасымен әр жұма сайын тегін жеке арт-терапия сессияларын өткізеді.
💖 Тренинг жылы атмосферада, сенім мен шығармашылыққа толы жағдайда өтті.