echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астанадағы «Жанұя» орталығында балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өтті.
Астанадағы «Жанұя» орталығында балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өтті.
Іс-шара әлеуметтік сүйемелдеудегі отбасылардың балалары үшін ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйлауды, мәдени демалысты қамтамасыз етуді және отбасылық құндылықтарды нығайтуды мақсат етті.
🎭 Бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры қазақ және орыс тілдерінде қызықты қойылым ұсынды.
🎅🤍 Балалар Аяз ата мен Ақшақармен кездесіп, Сарайшық, Алматы, Байқоңыр аудандары әкімдерінің аппараттары мен жеке тұлғалардың демеушілігімен дайындалған жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, естелік фотосессия ұйымдастырылды.
Бұл мерекелік шара 100-ге жуық балаларға қуаныш пен жарқын әсер сыйлады.