Балалардың қиялын баураған керемет цирк 🎪✨ — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Балалардың қиялын баураған керемет цирк 🎪✨

Балалардың қиялын баураған керемет цирк 🎪✨
Итальяндық цирк шоуының «Жаңа жылдық ЭКСТРИМ» бағдарламасы балаларға да, ересектерге де ұмытылмас әсер мен керемет көңіл күй сыйлады!
Цирк ұжымы ұсынған 50 билетінің арқасында, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының әлеуметтік қолдауындағы балалар жарқын да әсерлі Итальяндық шоу «Жаңа жылдық ЭКСТРИМ» қойылымын тамашалады.
Сахнада музыка мен шынайы эмоциялар тоғысып, көрермендерді ғажайып әлемге жетеледі:
🔥 цирк күмбезінің астындағы колумбиялық «Форсаж» — мотобайкпен жасалған қауіпті секірулер,
🏍 алып мотошардағы драйв,
🎡 бразилиялық акробаттардың батылдық дөңгелегі,
-Көңілді клоундар шоуы.
Бұл күн балаларға қуаныш, шабыт және ұмытылмас естеліктер сыйлады 💫