«ҒАЛАМ УАҚЫТЫ» авторлық мастер-классы өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«ҒАЛАМ УАҚЫТЫ» авторлық мастер-классы өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында қызмет алушыларға арналған «Ғалам уақыты» атты авторлық мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — шығармашылық арқылы адамның ішкі күйімен жұмыс жасау, эмоционалдық жағдайды сезіну және жеке ресурсты қалыптастыру. Мастер-класс барысында қатысушылар өздерінің ішкі әлемін бейнелейтін картина жасап, оны күштің, сенімнің және өмірлік тіректің символына айналдырды.
Бұл мастер-класс сурет салу техникасын үйретуге емес, адамның өз өмірінің авторы екенін сезінуіне, түстер мен формалар арқылы ішкі тепе-теңдікті табуына бағытталды.
Абай Құнанбаевтың философиясына сәйкес, адам өміріндегі барлық өзгеріс иманнан — ішкі сенім мен жауапкершіліктен бастау алады. Осындай ішкі күйден шешімдер, орта және өмір сапасы қалыптасады.
Мастер-класс жетекшілері: Родика Цыгуля — психолог, Лейла Ахмед Осман — суретші.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ұйымдастырды.