Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске Есіл ауданының бөлім прокуроры Самат Қойкенов, Есіл ауданының пробация қызметінің өкілдері, Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және «Жанұя» орталығының әлеуметтік сүйемелдеу мамандары қатысты.
Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалармен бірлескен жұмысты үйлестіру, әлеуметтік қолдау көрсету және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шаралар талқыланды.
Жұмыс кеңесін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы директорының орынбасары Бельденова Камшат Аманбайқызы жүргізді.