«Жанұя» орталығында трансформациялық «Лила» ойыны өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Жанұя» орталығында трансформациялық «Лила» ойыны өтті

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында орталық қызмет алушыларына арналған трансформациялық «Лила» ойыны ұйымдастырылды.

«Лила» трансформациялық ойыны – бұл өзін-өзі терең тануға бағытталған ерекше әдіс. Ойын барысында қатысушылар өздерінің ішкі күйін түсініп, өмірлік сценарийлерін саралап, даму мүмкіндіктерін анықтай алады. Сонымен қатар, қазіргі өмірлік жағдайына қатысты ресурс пен айқындық табуға мүмкіндік алады.

Іс-шараны коуч Анара Нұржан өткізді. Ол расстановкалар, регрессия және трансформациялық ойындар арқылы терең өзгерістерге бағыт беретін маман. Қатысушыларды нәзік әрі кәсіби түрде сүйемелдеп, шынайы өзгерістерге жол ашады.

Ойын жылы әрі қолдаушы ортада өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы – «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.С. Усаева.