«Тиімді коммуникация: өзіңді және өзгелерді түсіну» тренингі   — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Тиімді коммуникация: өзіңді және өзгелерді түсіну» тренингі  

2026 жылғы 17 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының құрамындағы психологиялық көмек көрсету бөлімі қызметкерлерге арналған «Тиімді коммуникация: өзіңді және өзгелерді түсіну» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – кәсіби және күнделікті өмірде анық, сенімді әрі экологиялық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Тренинг барысында қатысушылар:

өздерінің эмоционалдық реакциялары мен мінез-құлық стратегияларын тереңірек түсінді;

диалог кезінде эмоцияларды басқарудың практикалық тәсілдерін меңгерді;

әңгімелесушінің вербалды және вербалды емес сигналдарын тану дағдыларын дамытты;

жанжалдың алдын алуға және қарым-қатынастың тиімділігін арттыруға бағытталған конструктивті өзара әрекет әдістерін пысықтады.

Осындай оқыту іс-шаралары ұжымда өзара құрмет, сенім және кәсіби ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.