echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Қарым-қатынастағы эмоционалды интеллект: ұжымдық үйлесімділікті арттыруға бағытталған тренинг өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы конференц-залында «Қарым-қатынастағы эмоционалды интеллект» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибелік тренинг ұйымдастырылды.
Тренингті Орталықта өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген Аружан Есетова жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар эмоционалды интеллекттің маңызын тереңірек түсініп, жұмыс орнындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Психологиялық тренингтердің басты мақсаты — ұжым ішінде өзара түсіністікті арттыру, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді байыппен шешу және салауатты психологиялық ахуалды қалыптастыру. Мұндай кездесулер қызметкерлердің бірлескен жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, кәсіби қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Бұл — жай ғана формальді іс-шара емес, ұжымның бірлігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды әрі пайдалы жұмыс.
