echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Аруларға арналған көктемгі мереке
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — орталық қызметін алушы әйелдерге құрмет көрсету, олардың қоғам мен отбасы өміріндегі рөлін айқындау және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
Бағдарлама аясында театр әртістерінің музыкалық қойылымдары ұсынылып, қонақтарға ерекше әсер мен шабыт сыйлады.
Кездесудің мазмұнды бөлігі ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, ішкі аурулар кафедрасының доценті, «Respublica» партиясының мүшесі Respublica әйел денсаулығы тақырыбында дәріс оқыды. Спикер «Стресс әйел денсаулығына қалай әсер етеді?» тақырыбында пайдалы ақпарат ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мереке интерактивті форматта өтіп, қатысушылар ән шырқап, ойындарға қатысып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Аталған іс-шара орталықтың тек әлеуметтік қолдау көрсететін мекеме ғана емес, сондай-ақ рухани демалыс пен шабыт алаңына айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктестер мен демеушілерге алғыс білдіреміз. Олардың үлесі — қаламыздың отбасыларына деген шынайы қамқорлықтың айғағы.
