echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету тәртібі туралы
Міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету тәртібі туралы
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында келесіні хабарлайды.
Мүгедектігі бар адамдар абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етіледі.
Міндетті гигиеналық құралдарды беру тәртібі:
- міндетті гигиеналық құралдар (жөргектер) тоқсан сайын беріледі;
- жылдық көлемі – 1460 дана;
- белгіленген жылдық көлем тоқсан сайын тең үлеспен беріледі;
- қызметті қайта рәсімдеу алдыңғы алған күннен бастап кемінде 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана мүмкін болады.
Қосымша ақпаратты Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан алуға болады.