echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Сіздерді көктемнің шуағымен бірге келетін жарқын мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты арулар, асыл аналар!
Сіздерді көктемнің шуағымен бірге келетін жарқын мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы қашанда қыз баласын ерекше құрметтеп, аялап, ананы ардақ тұтқан. «Ана – өмірдің шуағы», «Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» деген даналық сөздер халқымыздың әйел затына деген айрықша ілтипатын айқын көрсетеді. Көктеммен бірге табиғат түлеп, тіршілік жаңарады. Ал адамзат баласына өмір сыйлайтын – ана. Сондықтан бұл мереке мейірім мен жылылықтың, ізгілік пен сұлулықтың мерекесі.
Бүгінде еліміздің түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Отбасының берекесін сақтап, ұрпақ тәрбиелеумен қатар, қоғамдық және әлеуметтік салада ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген нәзік жандылар – ел мақтанышы.
Әсіресе, әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге және әлеуметтік-экономикалық дамуға қосып отырған үлесі айрықша. Аналарымыз бен әжелеріміз Тәуелсіз еліміздің нығаюына және гүлденуіне өлшеусіз еңбек сіңірді.
Құрметті арулар!
Осы мерейлі мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Әрдайым жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылылық кетпесін!
Ізгі тілекпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры
Б.О. Айтпаев