echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Қостанай облысынан келген әріптестер «Жанұя» орталығының жұмысымен танысты
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы Қостанай облысындағы отбасы институтын қолдау орталықтарының өкілдерін қабылдады.
Кездесу барысында орталық директорының орынбасары К.А. Белденова қонақтарды мекеменің жұмысымен таныстырып, орталықтың негізгі қызмет бағыттары, сондай-ақ отбасыларға көрсетіліп жатқан кешенді әлеуметтік-психологиялық қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, орталық жұмысына қатысты әріптестер тарапынан қойылған сауалдарға орталық директорының орынбасары Қ.С.Жанұзақова мен жобалық орталықтың жетекшісі Т. Мұратұлы жан-жақты жауап берді.
Іс-шара өзара тәжірибе алмасу форматында өтті. Кездесу нәтижесінде тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде келісімге келді.
