echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы басшысының Наурыз мейрамымен құттықтауы
Құрметті әріптестер, ардақты ағайын!
Баршаңызды көктем мен жаңарудың жаршысы — Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке — табиғаттың оянуымен бірге адам баласының жанын да жаңартып, жақсылыққа, мейірімділікке жетелейтін қасиетті шақ. Наурыз — сан ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген, береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастауы. Дана халқымызда: «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы аналар қалжалы болар, ұлы кісі бата берсе, ол жылы ел олжалы болар» деген қанатты сөз бар. Осынау ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу — біздің ортақ парызымыз.
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының басшысы ретінде, әрбір отбасына ынтымақ, береке және тұрақтылық тілеймін. Мереке әр шаңыраққа шаттық, елімізге тыныштық пен өркендеу алып келсін.
Әз-Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, уайым-қайғы жоқ болсын!
Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры Б.О.Айтпаев