Құрметті елордалықтар, аяулы отбасылар! — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Құрметті елордалықтар, аяулы отбасылар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – біздің мемлекетіміздің іргетасы болып табылатын достықтың, татулық пен өзара құрметтің айшықты белгісі. Бірлік – тек ұлттар арасындағы келісім ғана емес, бұл әрбір шаңырақтың берекесі мен әрбір отбасының тыныштығы.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы үшін әрбір астаналық отбасының әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалуы – басты міндет. Мемлекетіміздің қуаты – берекелі отбасыларда, ал отбасының беріктігі – өзара түсіністік пен бірлікте.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат және бақ-береке тілеймін! Әрбір үйдің босағасы берік, аспаны ашық болсын. Кішкентай бүлдіршіндеріміз бейбіт елде, бақытты отбасында ер жетсін!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Б.О.Айтпаев