Жеңіс күні құтты болсын! — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, қадірлі елорда тұрғындары!
Сіздерді 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы — бейбіт күннің арқасы.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы атынан ардагерлерімізге бас иіп, алғыс білдіреміз. Сіздердің ерліктеріңіз бен төзімділіктеріңіз — біз үшін, кейінгі ұрпақ үшін өлшеусіз мұра.
Жеңіс күні қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін! Шаңырақтарыңыздан бақ пен береке, бейбітшілік пен түсіністік кетпесін.
Жеңіс күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры Б.О. Айтпаев