Астана қаласындағы «Жанұя» орталығында Жеңіс күні мен Аналар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласындағы «Жанұя» орталығында Жеңіс күні мен Аналар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Астана қаласындағы «Жанұя» орталығында Жеңіс күні мен Аналар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасын қолдау орталығында 9 мамыр – Жеңіс күні және 10 мамыр – Аналар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Орталық директорының орынбасары Қ. Жанұзақова, орталық қызметкерлері және қызмет алушылар қатысты. Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.
Орталықтың ұйымдастыру бөлімінің маманы Қ. Ежембек жиналған қауымды қос мерекемен құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Кеш барысында аналарға арналған әндер орындалып, қатысушылар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Орталық директорының орынбасары Қ. Жанұзақова ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың ерекше рөлін атап өтіп, аналарды, ақ жаулықты әжелер мен аяулы келіншектерді Аналар күнімен құттықтады.
Мерекелік іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.