Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

Қадірлі бауырлар!
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ұжымы мен жеке өз атымнан баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – мейірімділік пен игілік, бірлік пен береке мерекесі. Бұл қасиетті күн жүректерге жылулық ұялатып, адамдарды ізгілікке, қамқорлыққа және бауырмалдыққа шақырады. Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы ретінде біз үшін отбасылық құндылықтарды нығайту, әр шаңыраққа қолдау көрсету – басты міндет.
Осы қасиетті мерекеде әрбір отбасына бақыт, саулық, береке тілеймін. Шаңырақтарыңыздан шаттық, дастархандарыңыздан береке кетпесін. Ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!
Құрметпен, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Б.О.Айтпаев