echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Жанұя» орталығында кітап клубының III отырысы өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында кітап клубының III отырысы ұйымдастырылды.
Кездесудің арнайы қонағы — ақын, жазушы, публицист, халықаралық және республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаты Әділбек Ыбырайымұлы болды.
Іс-шара барысында қатысушылар қаламгердің шығармашылығымен танысып, кітап оқу мәдениеті мен қазіргі қоғамдағы әдебиеттің маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар автордың қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы мен оның ұлы Сыздық сұлтан туралы жазылған «Семсер жүзіндегі серт» трилогиясы кеңінен талқыланды.
Кездесу оқырмандар арасында ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
