Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бала – өмірдің мәні, шаңырағымыздың шаттығы мен еліміздің жарқын болашағы. Әрбір баланың алаңсыз, бақытты балалық шаққа, ата-ананың махаббатына және қамқорлығына толық құқығы бар. «Жанұя» орталығының ұжымы әрбір отбасында бүлдіршіндеріміздің күлкісі сыңғырлап, шаңырағымызда береке мен тыныштық орнауы үшін барын салып келеді.
Бүгінгі мерекеде барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, шексіз қуаныш пен жарқын болашақ тілеймін. Ал, біздің ата-аналарымызға балаларының қызығын көріп, әрқашан қолдау көрсетулерін тілеимін! Ашық аспанымыз, бейбіт заманымыз көп болсын!
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры Б.О.Айтпаев