echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, патриоттық құндылықтарды нығайту мақсатында мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік бағдарлама аясында таңғы сағат 9:00-де Орталық ұжымы үлкен залда бас қосып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты түрде орындады.
Сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Одан кейін өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік құндылықтар мен отбасылық дәстүрлерге құрмет көрсету мәселелеріне арналған бейнеролик көрсетілді.
Жиында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары А.Т. Таласова сөз сөйлеп, қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Гимні ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен ұлттық болмысының айқын белгісі екенін атап өтті.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Оған «Дарын» филармониясының өнерпаздары, Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мұратбек Қайролда, әншілер Бекзат Прилепесов, Уәли Дәурен, Мағжан Ғалымбек қатысып, өз өнерлерін көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының өкілі де сахнаға шығып, ән орындады.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың қоғамдық келісімді нығайтуға, отбасы институтының қоғамдағы рөлін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.



