echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Менің Елім — менің Туым

Менің Елім — менің Туым 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
⚜️«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-тірегім» атты іс-шара өткізілді. Мекеме қызметкерлері концерттік бағдарламаны тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді.
⚜️Тәуелсіздік бәріміз үшін қастерлі ұғым. Біздің баһадүр батыр бабаларымыз осы күнді арман етіп, ұлан-ғайыр жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғай білді.
⚜️Концерттік бағдарлама барысында Мәдениет саласының үздігі, әдебиетші, тарихшы, Азамат Назарбайұлы «Тәуелсіздік байлығым» атты өлеңін оқыды, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, әнші, композитор Нұрғұлан Оспанов халық әні «Дудар-ай» мен «Сағындым сені» ал, Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық Филармониясының әншісі Тұрар Төлеутай «Водовоз» әнін орындады.