echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Өңіраралық ынтымақтастық аясындағы кездесу өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы базасында өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалық отбасы институтын қолдау орталықтарының, сондай-ақ Ұлытау және Жаңарқа аудандық отбасын қолдау институттарының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында орталық директорының орынбасары Камшат Аманбайқызы Белденова мекеменің негізгі қызмет бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар және отбасыларға көрсетілетін кешенді әлеуметтік-психологиялық қолдау шаралары туралы баяндады. Қатысушыларға орталық жұмысы таныстырылып, өзара тәжірибе алмасу өтті.
Сонымен қатар, орталық қызметіне қатысты қойылған сауалдарға директордың орынбасары Құралай Жанұзақова мен жобалық орталықтың менеджері Т. Мұратұлы жан-жақты жауап берді.
Кездесу қорытындысы бойынша өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және алдағы бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
