Ішкі тірек – тұлғалық тұрақтылықтың негізі — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Ішкі тірек – тұлғалық тұрақтылықтың негізі

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ мен «The Gestalt Space» Relational Psychotherapy Center арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында орталық қызмет алушыларына арналған «Ішкі тірек деген не және ол не үшін қажет?» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға ішкі тірек ұғымын түсіндіру, оны қалыптастыру жолдарын көрсету және өмірдің күрделі кезеңдерінде психологиялық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын жеткізу.
Тренингті гештальт бағытындағы маман, орталық жетекшісі Лидия Васильева жүргізді.
Қатысушылар:
ішкі тіректің мәнін және оның қалыптасу механизмдерін;
қиын жағдайларда ішкі ресурстарды пайдаланудың маңызын;
сенімділік пен эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған тәжірибелік әдістерді меңгерді.
Аталған тренингті Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» орталығының психологиялық көмек көрсету бөлімі ұйымдастырды.