«Шығу жолы бар»: «Жанұя» орталығында психологиялық мастер-класс өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Шығу жолы бар»: «Жанұя» орталығында психологиялық мастер-класс өтті

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында орталық қызмет алушылары мен қызметкерлеріне арналған психологиялық бағыттағы тәжірибелік мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шараны психосоматика саласының дипломды маманы, мінез-құлық психологы, сондай-ақ «Respublika» партиясы жанындағы Rewomen қауымдастығының мүшесі Ляззат Құсайынова өткізді.
«Шығу жолы бар» тақырыбындағы мастер-класс барысында қатысушылар МАК карталарымен жұмыс жасап, өздерінің ішкі жан дүниесін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар мазасыздықпен күресу, эмоционалдық күйді реттеу, медитация арқылы ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдары талқыланды.
Тәжірибелік жаттығулар арқылы қатысушылар психологиялық кедергілерін анықтап, олармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін меңгерді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін жеңіл әрі еркін сезініп, өмірлік маңызды ойлар мен пайдалы тәжірибе алды.
Осындай кездесулер орталық қызмет алушыларына эмоционалдық қолдау көрсетіп, олардың психологиялық саулығын нығайтуға ықпал етеді.